• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Мамыр, 2023

Хабар-ошарсыз кеткен ҚТЖ қызметкерінің мәйіті табылды

8973 рет
көрсетілді

Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен 31 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өлімнің мән-жайы анықталған жоқ. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

1992 жылы туған Хамзин Жанат Жеңісұлы Есіл қаласында тұрған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да машинист болып жұмыс істеген. Биылғы жылдың 29 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. 4 мамырда ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

2 мамыр күні Ақмола облысында тағы бір ер адамның денесі табылды. Слепокуров Сергей Анатольевич 1978 жылы туған, Бұланды ауданы, Боярка ауылында тұрған. 2022 жылдың 30 қыркүйегінде таңғы сағат 04:00 шамасында үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған.