• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Мамыр, 2023

Дулат Бекбауов бокстан әлем чемпионатында келесі айналымға өтті

730 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 67 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда румыниялық Андрей Мустетпен жұдырықтасты.

Дулат Бекбауов үш раундта да қарсыласынан басым болды. Төрешілер есебі – 5:0.

Осылайша, Д.Бекбауов 1/8 финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Санатәлі Төлтаев қарсыласынан жеңіліп қалған еді. 

Сондай-ақ бүгін Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауов шаршы алаңға шығады.