• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 08 Мамыр, 2023

Иван Степанович Гапичке «Халық Қаһарманы» атағы берілді

463 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жеңіс Парадының қатысушысы Иван Степанович Гапичке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гапич Иван Степанович – Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері.

1923 жылы 2 ақпанда Ақмола қаласында дүниеге келген.

Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Бүкіл соғысты бастан өткерген майдангер фашистердің гарнизондары мен комендатураларын талқандаған, оқ-дәрі және азық-түлік  қоймаларын жойған отрядтың жауынгерлік операцияларына қатысқан.

Қызыл жұлдыз және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен,«Құрмет» орденімен, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.

1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадының қатысушысы.