• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2014

Келісім бойынша келіссөздер жеделдетілуде

485 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Аурелия Бушезбен, Германияның Қазақстандағы елшісі Гидо Херцпен және Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы елшісінің орынбасары Харри Путкермен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында үстіміз­дегі жылғы 30 маусым – 1 шілде аралығында Брюссельде өткен Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім жобасы жөніндегі келіссөздердің жетінші раундының қорытындылары талқыланды. Министр келіссөз жүргізуші топтардың арасындағы өзара түсіністіктің арқасында өткен раунд ең нәтижелі болғанын қанағатпен атап өтті – іс жүзінде құжаттың барлық ережелері келісілді. Бұл келіссөз үдерісін 2014 жылғы күзге қарай аяқтауға мүмкіндік береді. Министр ЕО елдерімен визалық режімді жеңілдету мәселесінің еліміз үшін ерекше маңызды болып табылатынына ерекше назар аударды. 2014 жылғы 15 маусымда Қазақстан біржақты түрде еліміздің экономикасының ең үлкен инвесторлары болып табылатын он елдің азаматтарына бір жылдық мерзімге визасыз режім енгізгені мәлім. Кездесулерде үстіміздегі жылы ГФР-мен реадмиссия туралы келісімнің ратификациясын аяқтау, Бенилюкс елдерімен дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату ту­ралы келісім және реадмиссия туралы келісімге қол қоюға дайын­дық мәселелері туралы әңгіме қоз­ғалды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.