• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2014

Қоныс тойы

340 рет
көрсетілді

Атырауда 54 отбасына жаңа пәтер берілді Астана күні қарсаңында мұ­найлы өңірде 54 пәтерлік жаңа тұр­ғын үй пайдалануға берілді. «Бұл көп пәтерлі үй «Қолжетімді бас­пана-2020» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында бой көтерді. Жаңа тұрғын үй аз қамтылған отба­сыларға, балалар үйі мен интернат түлектеріне, мемлекеттік қыз­меткерлерге беріліп отыр», деп мәлім етті Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев. Нақтылай айтқанда, жаңа пә­терге ие болғандардың дені ұзақ жыл кезекте тұрғандар екен. Мәселен, жас отағасы Сергей Улья­новтың жары Марина Ижерс­кая балалар үйінде ата-ана қамқор­лығынсыз тәр­биелен­гендердің бірі болғанмен, 2006 жылдан бері пәтер алу кезегінде тұрыпты. Бұдан бы­лай жас отбасы екі бөлмелі пәтер­дің жылуын сезінетін болады. Сол секілді бюджеттік сала қыз­меткері Қанзиба Қайырды да баспаналы болу бақытын ұзақ күт­кен жандардың қатарында деуге болады. Ол 1999 жылы Аты­рау­ға Қызылқоға ауданынан көшіп келгеннен бері үш ұлының отбасыларымен жатақхананың аядай бөлмесін паналап келіпті. Басыбайлы баспананы зарыға күткен үлкен әулет енді үш бөлмелі пәтерді иеленді. – Жыл аяғына дейін Атырауда тағы да бір мыңнан аса жалдамалы пәтер берілетіні жоспарланып отыр, – деп мәлімдеді Нұрлыбек Ожаев. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген  Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ. Атырау облысы.
Соңғы жаңалықтар