Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Астана қаласындағы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ азаматтық қоғам және белсенді жастар өкілдері қатысты.
Шараға қатысушылар соғыста жеңіс үшін күрескен жауынгерлердің ерен ерлігін бір минуттық үнсіздікпен еске алып, қазақстандық майдангерлерге құрмет көрсетті.