• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Мамыр, 2023

Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті

1131 рет
көрсетілді

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында тағы бір боксшымыз сәтті өнер көрсетті. 80 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақстандық Нұрбек Оралбай қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай жекпе-жек өткізді. Ол ширек финалға шығу үшін түркиялық боксшы Каан Айкутсунмен жұдырықтасты. 80 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы жеңіске жетті.

Бүгін турнирде Қазақстанның тағы үш өкілі өнер көрсетеді: Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) және Нұрқанат Райыс (75 келі).