• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Футбол 10 Мамыр, 2023

Манчестер Сити мен Реал Мадрид тең түсті

373 рет
көрсетілді

Чемпиондар лигасының 1/2 финалының бірінші матчында Манчестер Сити мен Реал Мадрид тең түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мадридтегі Сантьяго Бернабеу стадионында өткен матч 1-1 есебімен тең аяқталды.

Алаң иелері Реал Мадрид матчта бірінші болып есеп ашты. 36-минутта Винисиус Джуниор гол соқты.

Манчестер сити футболшысы екінші таймда Кевин Де Брюйне 67-минутта гол соғып есеп теңестірді.

Енді қарымта матч 17 мамырда Манчестерде өтеді.