• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 10 Мамыр, 2023

Мастерс турнирі: Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталды

208 рет
көрсетілді

Италияның Рим қаласында өтіп жатқан Мастерс сериясы турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Турнирдің екінші айналымында Елена Рыбакина кортқа Италия өкілі Жасмин Паолинимен кездеседі. Италиялық теннисші рейтингте 68-ші орында тұрса, Қазақстан теннисшісі Мастерс турнирін алтыншы орыннан бастады.

Бұған дейін Италия теннисшісі қытайлық Ван Синьюйді үш сетте ұтқан еді. Кездесу 6:4, 6:7, 6:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, сегізінші мамырда Римнің (Италия) сазды корттарында әйелдер мен ерлер арасындағы «Мастерс» жарысы басталды. Жарысқа әлемнің барлық жетекші теннисшілері барды, оның ішінде әлемнің алтыншы ракеткасы – қазақстандық Елена Рыбакина да бар.