• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Экономика 10 Мамыр, 2023

Мұнай бағасы қымбаттады

360 рет
көрсетілді

Қазақстан өндірушілері мұнайды өткен жылға қарағанда қымбатырақ сата бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша сәуір айында мұнай 2022 жылғы сәуірге қарағанда 7,6 пайызға қымбаттап, тоннасына 96,1 мың теңгеге жетті.

Еліміздегі ең қымбат баға Атырау облысында. Онда шикізат тоннасы 96,7 мың теңгеге бағаланған. Маңғыстау облысында баға 94,8 мың теңгені құраса, Қызылорда облысында тоннасына 94,4 мың теңге. Ақтөбе облысында тоннасына 93,5 мың теңге. Сонымен қатар өткен айда бір тонна бензин орташа есеппен 142,7 мың теңгені құрап, бір жылда 0,4 пайызға өсті.

Өзгерістер дизель отынына да әсер етті, ол тоннасына 3,4 пайызға, 166,7 мың теңгеге дейін қымбаттады.