• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Мамыр, 2023

Алматылық полицейлер суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды

257 рет
көрсетілді

Алматының патрульдік полиция қызметкерлері өз-өзіне қол салмақ болған азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Наурызбай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз ер адам төрт қабатты үйдің шатырында өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Буран-263 патрульдік экипажы бірнеше минутта оқиға орнында болды. Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын мас күйінде әйелімен жанжалдасып қалған. Сол себепті ол алдымен өзіне пышақ салмақ болған. Қаннан қорыққан ол қараусыз қалған ғимаратқа барып, шатырдан секіруге бел буған», деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға алып кетті.

«Іс материалдары жергілікті учаскелік инспекторға тапсырылды. Ол бірінші кезекте ер адамның отбасылық-тұрмыстық жағдайын тексеріп, өзін-өзі өлтіруге итермелеген мән-жайларды анықтайды», деп атап өтті полиция өкілдері.