• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Мамыр, 2023

Алғашқы қарсыласымыз – Норвегия

224 рет
көрсетілді

Алдағы жұма күні шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады. 28 мамырға дейін созылатын байрақты бәсеке Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтеді. Аталған жарыста ең үздік 16 команда бақ сынайды.

В тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін 13 мамырда Норвегиямен өткізеді. Одан кейін Чехия (14 мамыр), Швейцария (16 мамыр), Канада (17 мамыр), Словакия (19 мамыр), Латвия (20 мамыр) және Словениямен (22 мамыр) са­йысқа түседі. Осы топтағы ойындардың бар­лығы да Латвияның астанасындағы

10 300 көрерменге есептелген «Арена Ри­гада» өтеді. Ал А тобында Финляндия, АҚШ, Шве­ция, Германия, Дания, Франция, Аус­трия және Мажарстан хоккейшілері шебер­лік байқасады. Олар Тампередегі «Нокиа Аре­нада» бақ сынайды.

Топтық турнир 23 мамырда өз мәресіне жетеді. Содан кейін үздік сегіз команда плей-офф кезеңінде жолығады. Ширек финалдық сайыстар 25 мамырда өтсе, екі күннен кейін жартылай финалды тамашалаймыз. Ал 28 мамырда жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр да әлем чем­пионатының жалауы Финляндияда жел­біреген еді. Ол кезде бәсекелер Хельсинки мен Тампереде өтті. Чемпионаттың қоры­тындысы бойынша бас жүлде жарыс қожайындарына бұйырды. Суоми елінің өкілдері финалда Канаданы 4:3 есебімен ұтты. Қола медаль үшін тартыста Чехия АҚШ-ты 8:4 есебімен жеңді. Сол дүбірлі додада Қа­зақстан өз тобында жетінші және жалпы есепте 14-сатыны қанағат тұтып, элиталы топ­тағы орнын сақтап қалған еді.