10 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметкерлері «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы А.И.Мырзахметовті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, А.И.Мырзахметов алаяқтық жасап, кәсіпкерді ірі көлемде пара беруге итермелегені үшін ұсталған.
Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде.
«ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», деп қосты ведомство өкілдері.