• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Бокс 12 Мамыр, 2023

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін жартылай финалда кімдер жұдырықтасады?

2018 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанның бес боксшысы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалдық кезеңінде жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Түстен кейінгі сессия А рингінде өтеді және Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Екінші жұпта Санжар Тәшкенбай (48 келі) ресейлік Эдмонд Худоянмен, үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) кубалық Йосвани Вейтиамен, жетінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) грузин Лаша Гурулимен кездеседі.

Сағат 19:00-де В рингінде өтетін кешкі сессия басталады.

Жетінші жұпта Асланбек Шымбергенов (71 келі) үндістандық Дев Нишантпен, оныншы жұпта Нұрбек Оралбай (80 келі) ресейлік боксшы Имам Хатаевпен жұдырықтасады.

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.