• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 12 Мамыр, 2023

Ұлттық банк доллар бағамын белгіледі

451 рет
көрсетілді

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443- 448 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443 – 447 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 444,5 – 448 теңге аралығында құбылып тұр.

11 мамырда өткен кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,11 теңгеге қымбаттап, 444,21 теңге болған.

Ұлттық банктің 12 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 22 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,88 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,6 – 5,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,6 - 5,75 теңгеден сатылуда.