WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) өзінің болашақ қарсыласы канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) көзқарастар жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәнібек пен Стивен БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Одан кейін дәстүр бойынша боксшылардың ресми пікір алмасу рәсімі өтті.
Әлімханұлы мен Батлер арасындағы титулдық жекпе-жек 14 мамырда Американың Стоктон қаласында (Калифорния) өтеді.
«Бұл менің екінші титулды қорғауым, мен оған жақсы дайындалдым, мен де барлық титулдарды біріктіргім келеді. Бұл мен үшін оңай жеңіс болатынына сенімдімін. Мен өткен кездесудегі қателіктерімді білдім. Қазір менде тәжірибе бар. Жаңа физикалық жаттықтырушы және жеке тәлімгер Бадди МакГирт көп көмектесті. Батлерді боксшы ретінде құрметтеймін, бірақ рингте ол тіпті маған тиісе алмайды», деді Жәнібек Әлімханұлы.
Өз кезегінде Стивен Батлер Жәнібектен нокаутпен титулды тартып алатынына уәде берді.
Жәнібек Әлиханұлы үшін бұл жекпе-жек екінші титулды қорғау болмақ. Ол 2022 жылдың қарашасында британдық Дензел Бентлиді 12 раундта жеңген кезде бірінші рет орта салмақтағы WBO чемпион атағын қорғады.