Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Санжар Әділов тағайындалды. ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жеке құрамға жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Санжар Әскенұлы Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
Еңбек жолын тергеуші болып бастаған.
Осы уақытқа дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы қызметін атқарды.