Ташкентте бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жегі басталды. Байрақты додада қазақстандық бес боксшы бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күндізгі сессияда бірінші болып ресейлік Эдмонд Худоян мен Санжар Тәшкенбай (48 келі) жұдырықтасты. Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ қазақ боксшысы өзінің тактикасын қолдана бастады. Нәтижесінде үш раундта да сенімді түрде жеңіске жетті. Есеп - 5:0.
Осылайша, С.Тәшкенбай 2023 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Ол өз мансабында алғаш рет «алтын» үшін жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан финалға жолдама алғанын хабарлаған едік.