Бокстан әлем чемпионатының финалында 54 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан өзбекстандық Ойбек Джураевты жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақтың қоржынында – тағы бір алтын. Махмұд Сабырхан 54 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.
Боксшы бірауыздан төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Есеп 5:0.
Айта кетейік жартылай финалда Махмұд Сабырхан Куба боксшысы Йосвани Вейтианы жеңген болатын.