• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Шілде, 2014

Ақпараттар ағыны

281 рет
көрсетілді

● Қазақстанда 66 млн. 840 мың кітап сандық форматқа көшіріледі. Оның жайын айтып берген «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Амантайдың мәлімдеуінше, кезінде элитарлық мәдениетке айналған бұл мәселе еліміздегі мәдениет саясатының тұжырымдамасы арқылы қолға алынғалы жатыр. Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жасалған құжат үш кезеңде жүзеге асырылады. ● «Астана Опера» алғашқы «Жібек жолы» халықаралық фестивалін өткізеді. Осыған орай елорда театрының сахнасында Италия, Франция, Қытай, Ресей және Қазақстан опера және балет жұлдыздары өнер көрсетеді. Астана тұрғындары мен қонақтары жоғары өнер мерекесін 17 қыркүйек пен 5 қазан аралығында тамашалай алады. ● Шымкентте тұратын жастардың саны 240 мыңға жуықтады. Бұл туралы «Шымкент жастары» МКМ директорының міндетін атқарушы Абзалбек Үбелтаев мәлімдеді. Оның айтуынша,  үстіміздегі жылы жастар саясатына бөлінген қаржының көлемі ұлғайып отыр. Ал шымды шаһардағы жастардың 145 518-ін оқушылар, 94 103-ін студенттер құрайды. ● Қызылорда ғалымдары жем­шөп­тік дақылдардың жаңа сұрыптарын шығарды. Сыр бойындағы бас қаладағы «Күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС мамандары қазір тұз бен қуаңшылыққа төзімді жаңа көп жылдық өсімдіктер мен жаздық арпа сұрыптарын шығарумен айналысуда. Қазіргі таңда аграрийлер назары институтта селекциядан өткен жоңышқаның «Түркістан-15» атты жаңа сортына ауып отыр. ● Шығыс Қазақстанда кеме жүзе­тін Шүлбі шлюзі 2015 жылы іске қо­сы­лады. Қазіргі кезде бұл нысанда қорғаушы гидротехникалық құрылғының негізгі элементтерін құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Осымен қатар алдағы құрастыру үшін жабдықтар мен металл құрамалары әзірленіп жатыр. ● Кеше Қарағандыда еліміздегі ең ірі «Арман достар ордасы» жа­тақ­­ханасы ашылды. Ол Білім жә­не ғылым министрлігінің «Студенттік бас­па­на» бағдарламасы шеңберінде салынды. Мұнда 822 студент тұратын болады. Тоғыз қабатты жаңа жатақхана ғимараты университет кампусында орналасқан. ● Атырауда жол бойына 20 млн. теңгенің гүл сағаты орнатылды. Ол қала мен әуежайды байланыстыратын ай­мақ­тағы алғашқы төртжолақты тас жол­дың облыс орталығына кіреберісіне орна­тылған. Сағаттың механизмі Украинада жасалған. Хабарлар «ҚазАқпарат», BNews.kz, Alau.kz, Egemen.kz сайттарының деректері бойынша дайындалды.