Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, «Еңбек - елдің мұраты» арнайы жобасын іске асыру және ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында ұсынымдар жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында Қазақстан Респуликасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.
Конкурсқа кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады. Конкурс 3 номинациядан тұрады:
«Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көпең көп санды әулет таңдалады. «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.Конкурс 2 кезең бойынша өтеді:
Облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу. Республикалық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу.Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
Номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім; Жеке куәліктің көшірмесі; Номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген); Конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б., 1 минуттік компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында); Еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама; Жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
Мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері; Біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).Барлық құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 мамырынан бастап 15 шілдеге дейін жүргізіледі.