• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Мамыр, 2023

Күшікті 3-қабаттан лақтырып жіберген Павлодар тұрғыны анықталды

362 рет
көрсетілді

Көпқабатты үйдің терезесінен күшікті лақтырып жіберген Павлодар тұрғыны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz  Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде жергілікті тұрғындар терезеден күшікті лақтырып жіберген көршісіне шағымданған. Павлодар қаласының полиция қызметкерлері бұл видеоны тексеріп, жануарға қиянат жасаған адамды тапты.

Мониторинг нәтижелері бойынша, 54 жастағы қала тұрғыны күшікті Торайғыров көшесіндегі үйдің үшінші қабатынан лақтырғаны анықталды.

Ер адам ішімдікке мас болғандықтан уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.