2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында елге көшіп келгендер саны 7 680, ал елден кеткендер саны 2 664 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елге көшіп келушілер саны 10,9% -ға өскен.
Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты. Атап айтқанда:
Алматы - 6 782 адам, Астана - 6 443 адам, Шымкент - 241 адам Алматы облысында - 223 адам.Сыртқы көші-қон сальдосы – 5 016 адам.
2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87%-ға өскен, ал кетушілер саны 49,6%-ға азайды.
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі - 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.