16 мамырда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен сағат 15:13-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.7. MPV магнитудасы – 4.4. Эпицентр координаттары – 340.75° с.е. 78.73° ш.б. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», делінген хабарламада.