Халықаралық рейстерді ұлғайту мақсатында Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан мен Сингапурдың авиациялық билік органдары келіссөздер жүргізді. Қазақстандық делегацияны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Сингапур делегациясын – Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Хан Кок Хуан басқарды.
Келіссөздер барысында қазақстандық тарап тікелей рейстер ашуға қызығушылық білдірді. Сингапурлық авиакомпанияларға Қазақстандағы «ашық аспан» режимі, оның ішінде ауа бостандығының «бесінші дәрежесі» құқығын пайдалану ұсынылды. Сингапурлық тарап «ашық аспан» режимін құптап, бұл ұсыныс сингапурлық авиакомпаниялармен пысықталатынын хабарлады.