• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Медицина 16 Мамыр, 2023

Цифрлық медицина

557 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау саласына цифрлық жүйе дендеп енсе, қызмет көрсету сапасы едәуір жақсаратыны анық. Емханаларда ұзын-сонар кезек азайса, мұны цифрландырудың шарапаты деп білеміз. Себебі цифрлық жүйеге көшу – заман талабы.

Қазірдің өзінде дәрігердің қа­былдауына жазылуға, дәрігер­ді үйге шақыруға, талдау нәтиже­лерін және басқа да дербес меди­ци­налық деректерді білуге мүм­кіндік беретін цифр­лық құрал­ мүмкіндіктерін пайда­ланатын па­циенттер бар. Осы қызметтер қазір электрон­дық үкімет порталында қол­жетімді. Медициналық кө­мектің қолжетімділігін артты­рып,­ жұмысты біраз ширата тү­се­­тін цифрлық жүйе  жөнінде Ден­­саулық сақтау вице-ми­­нистрі Бейбіт Есенбаев баспасөз мәс­ли­хатында айтып берді.

– Тұрғындар электрондық ме­дициналық құжаттарға қол жет­кіз­се, медициналық ұйым­дарға құжат үшін баратын пациенттер азая­ды. Осы ретте ден­сау­лық сақ­тау министрлігі цифрлық даму, ин­новациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бір­ле­сіп, былтыр eGov mobile мобильді қо­сымшасында «eDensaulyq» сер­висін іске қосты. Онда пациенттер үшін донорлық мәр­тебе, электрондық рецептілер, ме­дициналық қарсы көрсеті­лім­дер, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансерлеу, емдеуге жат­қызу мен зертханалық талдау нә­ти­же­лерін білуге арналған ақпарат көп қамтылған. Мысалы, жалпы ақпарат бөлімінде тұр­ғын­дар қай медициналық ұйым­ға тіркелгенін, қай учаскеге қарай­тынын, учаскелік дәрігердің дерек­терін, міндетті әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру шең­берінде мәртебесін және қорға аударылған соңғы төлемнің сомасы мен күнін де көруге болады, – дейді Б.Есенбаев.

Осылайша, «eDensaulyq» сер­висінің қызметі кезең-кезеңімен кеңейеді. Жақында сервиске азаматтардың қан тобы және басқа да ақпараттар қосылады. Сонымен қатар министрлік eGov mobile мобильді қосымшасының дәрілік заттарды үлестіру бө­лігінде Әлеуметтік әмиян жобасын іске асырып жатыр. Мұнда пациент емханадағы дәріханаға барып, QR-кодын ұсыну арқылы рецепт бойынша дәрі-дәрмек алса болады. Қанатқақты жоба қазір Астана қаласының емханаларында жүзеге асуда. Денсаулық сақтау министрлігі пациенттерді осы сервистің мүмкіндігін молынан пайдалануға шақырып жатыр. Жобаны биыл еліміздің басқа өңірлеріне енгізу жоспарда бар екен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін ден­саулық сақтау саласында ақпараттандыру деңгейі төмен екенін айтқан-ды. Бұл меди­цина қызметкерлеріне міндет­телген жүктеменің артуына әкеп тіреуі мүмкін. Қазірдің өзін­де дәрігерлер бір уақытта бір­неше жүйеде жұмыс істеуге мәжбүр. Әрі пациенттер өзінің жеке медициналық деректеріне толық қол жеткізе алмайды. «eDensaulyq» сервисінде пациентке қатысты барлық негізгі дерек шоғырландырылады. Бұл денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді бір арнаға тоғыстыруға ықпалдасады. Бүгін­де денсаулық сақтау жүйесінде дәрігерге қаралатын уақытты нақтылауға септесетін көптеген бейресми кезек бар. Алайда па­циент өз кезегінің қашан келе­тінін әрдайым дәлме-дәл біле бермейді. Қазір осы бейресми кезектер цифрландырылып жатыр. Осы ретте eGov mobile қосымшасындағы «eDensaulyq» сервисі пациенттерге ұсынылатын қызметтердің тізімін көруге және «көрсетілмеген қызметті қосып жазу» сынды фактілер анықталған жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге мүмкіндік береді. Сон­дай-ақ медициналық көмек көрсетудің ашықтығын сақтауға септеседі.