• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2014

Парламент

331 рет
көрсетілді

Әлеуметтік мәселелер қозғалған кездесулер Мәжіліс депутаттары аймақтарға сапарлары шеңберінде «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы талқыланған кеңеске қатысты. БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қо­ры­ның қызметкерлері мен «Жас­тар саясатының зертханасы» ұйы­мының Ұлыбритания, Канада, Ир­ландия елдерінен жастар саясаты жөніндегі сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері Астанада бас қосты. Олар жастар саясаты саласындағы өз елдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін ортаға салып, өзекті мәселелерін талқылады. Кеңесте сөз алған Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму коми­тетінің хатшысы Майра Ай­сина аталған заң жобасы халық­­ара­лық тәжірибелер деңгейін­де тал­қыланып жатқа­ны­ның маңы­зына тоқталды. Соны­мен бірге, депутат Қазақстан жас­тардың даму ин­дексі бойынша 30 ел қатарына енгенін атап өтті. Бұл жетістікке елі­міз алдымен білім алудағы жо­ға­ры көрсеткіштері мен жастар ара­сындағы жұ­мыссыздық көрсет­кіштерінің төмендігі арқасында жеткен болатын. Мәжіліс депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов Павлодар облысына сапарлары шеңберінде «Нұр Отан» партиясының Екібастұз қалалық филиалында азаматтарға қабылдау жүргізді. Екібастұздықтар үшін ең өзекті мәселе – медициналық жәр­дем қыз­меті болып тұр екен. Ол ме­ди­циналық қызмет көрсе­тудің кепілді көлемін ұлғайту, дәрі-дәрмектердің сапа­сы, денсаулық сақтау мекеме­лерін ме­доргтехникамен қамта­масыз ету мәселелері. Мәжілісмендердің қа­был­дауына келгендер мүмкіндігі шек­теулі жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің нақты қаржымен жасалуын өтінді. Сонымен бірге, екібастұздықтар қалада тұрмыстық зорлық-зомбы­лыққа ұшыраған әйелдер мен бала­ларға арналған орталықтың жоқ­тығы мен өмірдің қиындығына ұшы­раған әйелдерге арналған орта­лық ашу қажеттігін мәселе етіп көтерді. Екібастұздықтардың мәсе­ле­лерін депутаттар бақылауда ұс­тап, бірқатары жергілікті жерде тү­сіндіріліп, кейбірі сауал ретінде тиісті министрліктер мен агенттіктерге жіберілетін болды. Парламент Мәжілісінің депутаты Әмірхан Рахымжанов Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының мәс­ли­ха­тындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелерімен кездесті. Кездесуге ШҚО «Нұр Отан» партиясы филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Т.Тү­сіпбеков, Ұлан ауданының әкімі Б.Байахметов, «Нұр Отан» партиясы Ұлан аудандық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары С.Асылбаев және ауданның мәслихат депутаттары қатысты. Ә.Рахымжанов өңір депутат­тарына Елбасы Жолдауының маңы­зы мен партияның негізгі жұ­мыс мақсаттары, Парламенттің заң шығармашылық қызметі жайында әңгімелеп берді. Депутаттар Мәжілістегі әріп­тестеріне көңілдеріндегі сұрақ­тарын қойып, тиісті жауаптар алды. Депутат қызметтік сапары барысында Украинка ауылындағы мектеп құрылысымен, «Жер-су» қожалығының саяжайы және Таврия ауылының әлеуметтік меке­мелері, жиһаз жасау цехы жұ­мыстарымен танысып, аудан және ауылдық округ әкімдерімен кездесті. Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының шекаралас Зайсан және Күршім аудандарының 15 елді мекенінде сайлаушылармен 18 кездесу өткізді. Бұл кездесулер Зайсан ауда­нының Зайсан қаласы, Айнабұлақ, Дайыр, Қуаныш және Қайнар ауылдарында, Күршім ауданының Сарыөлең, Бурабай, Маралды, Күршім, Құйған, Ақсуат, Теректі, Қалжыр, Боран, Қойтас ауылдарында өтті. Депутатпен кездесуге келген тұрғындар кәсіпкерлікті дамытуға арналған несиенің қолжетімді болуын қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй салу, жол жөндеу, ауыз су, ме­ди­циналық көмекті жақсарту, ауруханаларды күрделі жөндеу, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар ашу, еңбек өтіліне байланысты ең төменгі зейнетақыны арттыру және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді. Сонымен бірге, тұрғындар шекара маңындағы елді мекендер­ді дамытуға назар аударылуын сұ­рады. Сайлаушылармен болған кез­десулерде халық қалаулысы Мемлекет басшысының халыққа биылғы Жолдауы, Парламенттің заң шығару қызметі, «Нұр Отан» партиясының жұмысы туралы жан-жақты баяндап берді. Кездесулер барысында Н.Са­бильянов азаматтарды өз өтініштері бойынша жеке қабылдау жүргізді, партияның аудан­дық мәслихаттардағы фракция мүшелерімен кездесті және «Нұр Отан» партиясы мүшелеріне жаңа партиялық билеттер табыс етіп, елді мекендердің әлеуметтік нысандарын аралап көрді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.