• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2014

Арыз-шағымдар қаралды

396 рет
көрсетілді

Прокуратура органдарының қадағалау жүйесінің басты басым бағыттарының бірі – жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын толыққанды және уақытылы қарау болып табылады. Арызданушының шағымдарын және дәлелдерін мұқият тексеруге, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөніндегі шараларға басты назар аударылады. Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде Бас прокуратураның лауазымды тұлғалары өткізген жеке қабылдау барысында 139 шағым түсті. Олардың ішінде 27 арыз қанағаттандырылып, 78-і кері қайтарылды, 15-і бойынша құқықтық түсініктер берілді. Бас Прокурордың жеке қабылдауына түскен 47 шағымның көбісі сот актілерінің заңдылығымен келіспеумен байланыс­ты. Шағымданушылар жедел іздестіру орга­н­дарының, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саланың лауазымды тұлғаларының әре­кет­теріне наразылық білдіреді. Олардың дә­лелдерін зерделеу нәтижесінде 8 арыз қанағаттандырылды. Мысалы, «Елім-Ай» тұрғын-үй ке­ше­ні­нің өкілі Ч.Валиевтің арызы қаралып, қорытындысы бойынша алаяқтықпен ай­на­лысқан тұлғаларға қатысты тоқтатылған қыл­мыстық істің қаулысының күшін Бас прокуратура жойып, Алматы қаласының прокурорына қосымша тергеу амалдарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, Н.Қорғамбекованың өтініші қанағаттандырылды яғни, арызданушы мен «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ-тың арасындағы еңбек дауының сот актісі бойынша Жоғарғы Сотқа қадағалау наразылығы енгізілді. «Онлайн» бейнеконференциялық жүйесін қолдану арқылы прокуратура басшыларының тұрғындарды қабылдауы қолайлы және тиімді тәсілге айналып отыр. Бұл норма Бас прокурор бекіткен азаматтарды қабылдау ережесінде белгіленген. Жаңа формат, ең алдымен, уақытты және материалдық қаражатты үнемдеу, тұрғындардың тұрғылықты жерінен алшақтамай өздерінің өтініштерін кез келген деңгейдегі прокуратура басшыларына баяндау жағынан ыңғайлы және пайдалы. Сондықтан да қазіргі таңда адамдар прокурорлармен осы форматта хабарласуға ынталы. Бас прокуратура басшылары бейнеконференция жүйесі арқылы жыл басынан бері 27 адамды қабылдады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.