• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Ауа райы 17 Мамыр, 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

382 рет
көрсетілді

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанда 18-20 мамыр күндері жаңбыр жауып, жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен өзгереді. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

«18-20 мамырда солтүстік-батыста және орталықта, 18-19 мамырда оңтүстікте, 18-20 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар жел соғады деп болжанды»,  делінген синоптиктер хабарламасында.

Қазақстанда ауа температурасы жоғары болады деген болжам бар. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде -3 градусқа дейін аяз сақталады.