• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Білім 17 Мамыр, 2023

Қазақстанда мұғалімдер тапшылығын шешетін бағдарлама іске қосылады

452 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үш бағытта арнайы жоба әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі таңда 49 жоғары оқу орны бар. Педагогикалық мамандарды даярлайтын лицензиясы бар бес оқу орнымен бірлесіп, үш бағытты қамтитын арнайы жоба дайындап жатырмыз. Біріншісі – мазмұн, яғни 30 жаңа оқу бағдарламасы пысықталады. Екіншіден, кадрлардың аттестациялық кәсіп стандартына қатысты ережелер қаралып жатыр. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс ішінде жылдан жылға біз педкадрларға квотаны көтерудеміз. Педагогтар керек, қазіргі таңда мұғалім қызметі жоғары мансапқа айналды. Жалақы да жақсы, әлеуметтік мәртебесі де көтеріліп жатыр. Керекті шаралар қабылдануда», деді министр «Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясында.