Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған құжаттардың арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті мен Сиань Солтүстік-Батыс политехникалық университеті арасындағы ҚазҰУ жанынан ССБПУ филиалын ашу туралы келісім бар.
Оған қоса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытай мұнай университетімен ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол жеткізді.
Сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қытай Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылықтары университетімен ынтымақтастық жөнінде келісті.