Жұптық сын бойынша Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Анна Данилина Париж «челленджер» жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық теннисші ресейлік Вера Звонаревамен бірге ширек финалда грузиялық Натела Дзаламидзе – белоруссиялық Лидия Морозовамен кездесті.
Қазақстандық-ресейлік жұп 1,5 сағаттан астам уақытқа созылған матчта 7:5, 5:7, 10:2 есебімен жеңіске жетті. Олар 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Анна Данилина мен Вера Звонарева финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Чан Су Джон – қытайлық Чжаосюань Янмен таласады.