• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Мамыр, 2023

Жартылай финалды асыға күтемін - Елена Рыбакина

215 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан ірі турнирдің ширек финалдық кездесуінде әлемнің ең үздік теннисшісі Ига Швентекті жеңіп кетті. Матчтан кейін жеңімпаз осы ойын жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннисшіміз әлемнің бірінші ракеткасын үшінші ретте де ұтты.   Рыбакина бірінші ойында 2:6 есебімен жеңілді, одан кейін тай-брейкте екінші сетте 7:6 есебімен басым түсті, ал ойынның финалдық бөлігінде 2:2 есебімен Швентек жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.   Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Римде «Мастерстің» жартылай финалына шықты.   «Мен бұл матчтан ештеңе күткен жоқпын және екінші сетте оң жақтан соққыны жақсы сезіп, жақсырақ қимылдай бастағаныма қуаныштымын. Сондықтан жалпы нәтижеге қарамастан, жақсы ойнадым деп ойлаймын. Тағы бір матч өткізетініме қуаныштымын, жартылай финалды асыға күтемін», деді Е.Рыбакина.   Римдегі турнирдің жартылай финалдық кезеңінде Елена Рыбакина әлемнің 20-ракеткасы Елена Остапенкомен (Латвия) кездеседі. Бұл матч 19 мамырда өтеді.