• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Мамыр, 2023

Қазақстанның қай қаласында пәтер бағасы арзан?

546 рет
көрсетілді

Қазақстандағы пәтерлердің орташа бағасы 19,3 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz  krisha.kz-ке сілтеме жасап. 

Елімізде Алматы, Астана және Шымкент қалаларында пәтер бағасы шарықтап тұр. Яғни, 1-3 бөлмелі пәтерлердің бағасы 15,5 пен 43 млн теңге аралығында саудаланады.

Қалған рейтингті әрі қарай Ақтау, Ақтөбе, Семей, Түркістан, Көкшетау, Орал, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Қарағанды, Қостанай, Қонаев, Атырау жалғастырады. Бұл қалаларда пәтер бағасы 12 млн теңгеден басталып, 26,5 млн-ға дейін бағаланады.

Ал ең арзан пәтерлер Қызылорда, Тараз, Талдықорған қалаларында. Бағасы – 7-21 млн теңге арасында.

Қазақстандағы пәтерлердің орташа бағасы:

бір бөлмелі пәтер– 13,2 млн теңге, екі бөлмелі пәтер – 19 млн теңге, үш бөлмелі пәтер – 25,6 млн теңгені құрайды.