• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Мамыр, 2023

Алматы қаласындағы аудандардың бірінде суық су өшіріледі

338 рет
көрсетілді

Алматының Наурызбай ауданында бірқатар шағын аудан суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы су» МКК суды өшіруге сүзгі стансасының құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар себеп болғанын хабарлады.   «18 мамыр күні сағат 22:00-ден 19 мамыр күні сағат 03:00-ге дейін Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы шағын аудандарының аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су өшіріледі. Анықтама телефоны: 274-66-66», делінген «Алматы су» МКК жазбасында.

Компания уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрады.