Петропавлда және қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің жолақысы қымбаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғамдық көліктердің билет құнын өсіру туралы қаулы жобасы әзірленді. Құжат «Ашық нормативті-құқықтық актілер» порталында көптің талқылауына ұсынылды.
Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, облыс орталығында автобустардағы билет құны картамен төлем болған жағдайда 100 теңге, қолма-қол ақшамен төленген жағдайда 170 теңге болып бекітілмек.
Петропавл қаласының маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктерде де жолақысы қымбаттайды. Мәселен:
№ 101 «Петропавл қ. - Бескөл ауылы» бағыты, 1 километрге 10 теңге;
№ 102 «Петропавл қ. - Подгорное ауылы» бағыты, 1 километрге 13,5 теңге;
№ 103 «Петропавл қ. - Архангельск ауылы» бағыты, 1 километрге 14,2 теңге;
№ 201 «Петропавл қ. - Пеньково ауылы» бағыты, 1 километрге 13,1 теңге;
№ 301 «Беловка ауылы - Петропавл қ.» бағыты, 1 километрге 10,8 теңге;
№ 302 «Петерфельд ауылы - Петропавл қ.» бағыты, 1 километрге 10,6 теңге;
№ 303 «Боровское ауылы - Петропавл қ.» бағыты, 1 километрге 12 теңге;
№ 304 «Соколовка ауылы - Петропавл қ.» бағыты, 1 километрге 10,2 теңге;
№ 305 «Петропавл қ. - Ольшанка ауылы» бағыты, 1 километрге 14 теңге;
№ 306 «Затон ауылы - Петропавл қ.» бағыты, 1 километрге 12 теңге;
№ 307 «Петропавл қ. - Мамлютка қ.» бағыты, 1 километрге 10,9 теңге».
Қаулы жобасы 1 маусымға дейін талқыланады.
Қазір Петропавлда қоғамдық көліктерде жолақы картамен 80 теңге болса, қолма-қол ақшамен 130 теңге. Тарифті көтеру мәселесі көптен бері көтеріліп келеді.