20 мамырға қараған түні полицияға тұрғындардан бір топ адамның төбелесіп жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Екі жақтан келе жатқан жастар бір-бірімен сөзге келіп қалған болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция төбелеске қатысқан барлық 12 адамды анықтады. Олар 25-30 жас аралығындағы облыс орталығының тұрғындары екен.
Олардың барлығы ұсталып, міндетті медициналық тексеруден кейін полицияға жеткізілді.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша тергеу басталды.