• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Мамыр, 2023

Жетісу облысының полицейлері «синтетика» сатушыны ұстады

335 рет
көрсетілді

Жетісу облысының полицейлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізіп, 51 жастағы «синтетика» сатушыны ұстады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

ІІМ мәліметінше, ер адам бұдан бұрын есірткі заттарын сақтау және сатумен байланысты қылмысы үшін сотталған еді.

Қаратал ауданының Ескелді ауылында орналасқан жеке үйінде тәртіп сақшылары өсірілген марихуананың 108 түп тамырын тапты. Сондай-ақ дайын кептірілген 40 қарасора түптері, есірткі оралған түйіншіктер, оның ішінде «синтетикалық» есірткі мен қолдануға арналған әртүрлі құралдар табылды.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары синтетикалық есірткіні өткізу және сақтау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, сату және сақтауды көздейтін қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр», деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.