• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Мамыр, 2023

Алматы облысында тапанша мен бірнеше оқ жасырылған орын анықталды

ҚАЖК және Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері ҰҚҚК басқармасымен бірігіп, тапанша мен оқ-дәрі жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Қарасай ауданының Қайрат ауылының аймағында матаға оралған 9 калибрлі, сериялық нөмірі өшірілген тапанша мен жеті оқ табылған.

Бұл факт Қарасай аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот баллистикалық сараптама тағайындалды.

Айта кетсек, биыл Алматы облысы мен Жетісу облысының ҚАЖ қызметкерлері 20-дан астам қару мен екі мыңнан астам түрлі калибрлі оқ-дәріні анықтап, тәркіледі.

Соңғы жаңалықтар