Биыл Шығыс Қазақстан облысында 8 млн ағаш отырғызылады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО ақпарат орталығында баспасөз мәслихатын өткізген Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өңір табиғатын қорғау мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Оның айтуынша, Қазақстанда 5 жыл ішінде 16 апатты су қоймасында реконструкция жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 2 су қоймасы (Зайсан және Тарбағатай аудандарында) қалыпқа келтірілмек.
«Орман шаруашылығы саласына қатысты айтар болсақ, өңір бойынша 2 млрд ағаш отырғызылады. Соңғы екі жылда 1300 гектар аумаққа 6,1 млн ағаш егілген. Ал осы жылдың соңына дейін облыста 1500 гектар жерге 8 млн ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр», деді Зүлфия Сүлейменова.