• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Мамыр, 2023

Қытайда жер сілкінді

383 рет
көрсетілді

Сейсмикалық стансалар желісі 21 мамырда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сайтына сілтеме жасап. 

«Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 9 сағат 06 минут 33 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. Магнитудасы - 4.2. Тереңдігі - 20 км. Байқағыштық туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ»,  деді Алматы қаласы ОСО кезекші операторы.