• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Мамыр, 2023

«Астана» алға шықты

324 рет
көрсетілді

Сенбі күні футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 10 турының үш кездесуін тамашаладық. Бұл бәсе­келер Талдықорған, Қарағанды және Астана қалаларында өтті.

Көпшілік елордадағы бәсекені тағат­сыздана күтті. Өйткені осы матчта жеңіске жеткен команда жеке-дара көш бастайтын еді. Бірінші таймада Вараздат Ароян (17 минут) мен Марин Томасов (27 минут) алаң иелерін алға шығарды. 39 минутта «Қызылжардың» ойыншысы Хосе Витор есеп айырмашылығын қысқартты. Үзілістен кейін де шиеленісті ойын жалғасты. 89-минутта Иван Граф пенальтиден таразы басын теңестірсе, төреші қосқан уақытта Эльхан Астанов астаналықтарға жеңіс сыйлады. Есеп – 3:2. Осы табысының арқасында 25 ұпай жиған «Астана» жарыс кестесінде көш бастады. «Қызылжардың» олардан үш ұпайы аз. Бірақ Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері елордалық клубтан бір ойын кем өткізді.

«Жетісу» Талдықорғанда «Атыраудан» 0:3 есебімен ойсырай ұтылса, Қарағандыда «Шах­тер» Павлодар облысынан келген «Ақ­су» клубынан айласын асырды – 2:1.