Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жүргізуші баланы қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға 20 мамыр күні кешке болған.
Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.
Тәртіп сақшысының айтуынша, оқиға «Алма сити» шағын ауданында болған.
«Daewoo жүргізушісі ауламен жүріп бара жатып 7 жасар баланы қағып кетті. Дене жарақаттарын алған бала қала ауруханаларының біріне жеткізілді», деп хабарлады Алматы ІІД баспасөз қызметі.