Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы және Сингапур Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін, Сингапур Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылғанын хабарлаған едік.