Қазақстан банктеріне 2024 жылға дейін Ресей рублін экспорттауға рұқсат беріледі. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталына орналастырылған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Ұлттық банкі бұл әрекет шетелдік банктердегі корреспонденттік шоттарды толықтыру үшін қажет деп түсіндірді.
«Екінші деңгейдегі банктерге Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін», делінген құжатта.
Жарлық 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін күшіне енеді. Қаулы жобасы 5 маусымға дейін ашық талқылауда болады.