• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Мамыр, 2023

«Ордабасы» екінші орынға көтерілді

288 рет
көрсетілді

Жексенбіде футболдан Қазақстан чем­пионатының 10-туры аясында тағы төрт кездесу өтті.

Алматының «Қайраты» Орталық ста­дионда Қызылорданың «Қайсарын» қа­былдады. 10-минутта Жоао Педро Оливейра есеп ашса, 24-минутта Дмитрий Бородин 11 метрлік нүктеден нысананы дәл көздеді. Бірінші тайм аяқталар тұста төреші алма­тылықтардың қақпасына тағы бір пенальти белгіледі. Бұл жолы да Бородин мүлт кеткен жоқ. Есеп – 0:3. Одан кейін екі команда ойыншылары қанша жанталасқанымен, таблодағы есеп өзгермеді.

Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Мақ­тааралды» ұтты – 1:0. Бұл кездесудегі жал­ғыз голды 69-минутта Ислам Чесноков соқты. Шым­кенттің «Ордабасысы» мен Көк­шетаудың «Оқ­жетпесі» арасындағы матч та дәл сондай есеппен аяқталды – 1:0. Бұл бәсекенің тағдырын 32-минутта бра­зи­лиялық легионер Ауро салған доп шешті. Ал «Ақтөбе» мен Ақтаудың «Каспийі» арасындағы ойында есеп ашылған жоқ – 0:0.

Жарыс кестесінде 11 кездесуден кейін 25 ұпай жиған «Астана» көш бастап келеді. Соңғы турдағы жеңісінен кейін «Ордабасы» екінші орынға көтерілді. Шымкенттіктердің қоржынында 23 ұпай бар. Үшінші орында – 22 ұпайды еншілеген «Қызылжар».