Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Женевадағы турнирдің алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Александр Бублик өзінің алғашқы және соңғы кездесуін америкалық Маркос Жиронмен өткізді. Горон ATP рейтингінде 74-орында, Бублик 48-орында тұр.
Корттағы кездесуде Александр Бублик америкалық теннисшіден екі сетте жеңілді. Ойын 0:6, 4:6 есебімен аяқталды.
Қазақстан спортшысы осы ойыннан кейін турнирден шығып қалды.