• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Мәдениет 23 Мамыр, 2023

ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген нысандар саны артады

649 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енетін нысандар саны артатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне Қазақстан Республикасынан 10 нысан енгізілген. 2025 жылға қарай олардың санын 16 бірлікке дейін арттыру жоспарда бар.

Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстанмен бірлесіп «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансұлттық номинациясын дайындау және ілгерілету бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Оның шеңберінде Ұлы Жібек жолы бойындағы 6 нысанды: Сығанақ, Сауран, Ясы, Отырар, Жанкент қалашықтары мен Жетіасар оазисінің ескерткіштерін ЮНЕСКО тізіміне енгізу жоспарланып отыр», деді Асхат Оралов 2023-2029 жылдарға арналған Мәдени саясат тұжырымдамасын таныстыру барысында.