• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Мәдениет 24 Мамыр, 2023

Нью-Йоркте Димаш Құдайбергеннің фотолары үлкен экраннан көрсетілді

444 рет
көрсетілді

Бүгін танымал әнші Димаш Құдайберген 29 жасқа толды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Таймс-сквер алаңында үлкен экраннан Д.Құдайбергеннің фотолары көрсетілді.

«Сәлем, Таймс-сквер! Сәлем, әлем! Сәлем, 29 жас! Барлығыңызға осыншама үлкен құрмет үшін көп рахмет», деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Таймс-скверде түсірілген видеодан Димаштың есімін атап айғайлаған жанкүйерлердің дауысын естуге болады.

Бұған дейін Димаш өзінің туған күнінде жаңа әнінің бейнебаянын жариялайтынын айтып, тыңдармандарын қуантқан болатын.