• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2023

Діни ақпараттық-түсіндіру тобы Шымкент тұрғындарымен кездесті

257 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында 15-19 мамыр аралығында Шымкентте дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қала тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) Д.Қ.Оспанов, Қ.С.Анарбаев, Ш.А.Әділбаева, Ф.Т. Тайтелиев тартылды.

РАТТ мүшелері ҚАЖД №53 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілермен, «Сайрам» мәдениет үйінде өзге этнос өкілдерімен, «Петро Казахстан Ойл Продактс» кәсіпорын жұмысшыларымен, қалалық «Ордабасы», «Әл-Біләл» мешіттері жамағаттарымен, «Айна», «Алаш» базарларындағы саудагерлермен, «Royal» фитнес-клубы жаттықтырушылары және спортшыларымен, «Intellect», «Низамхан» мектеп оқушыларының ата-аналары және мұғалімдерімен, «Қандастар» орталығындағы қандастармен, қалалық полиция департаментінің полиция қызметкерлерімен, қоғамдық тасымал және такси компанияларының басшылары, жүргізушілерімен семинарлар және кездесулер өткізді.

Өткізілген іс-шараларда қала тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

Тыңдаушылар РАТТ мүшелеріне сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.